Панамада 3 күн бұрын болған 7,7 балдық зілзаладан кейін тағы 200-ден астам жерасты дүмпуі тіркелді.
«Рейтер» агенттігінің мәліметінше, Верагуас және Лос-Сантос провинцияларында 900-ге жуық үй, ондаған инфрақұрылым нысаны және 14 көпір қираған. Бүкіл ел бойынша мектептегі сабақ уақытша тоқтатылды. Естеріңізге сала кетейік, табиғи апат Панаманың оңтүстігінде, ел астанасынан 200 шақырым жерде болған. 27 адам жараланды. Биліктің хабарлауынша, қаза тапқандар жоқ. Үкімет төтенше жағдай жариялап, зардап шеккендерге көмек ретінде 100 млн доллар қаражат бөлу туралы шешім қабылдады. АҚШ 5 млн доллар аударып, құтқарушылар тобын жіберген.
Тегтер #Панама #жерасты дүмпу #зілзала #көпірPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz