RU
Толық нұсқаға өту

ҚР СІМ Сауд Арабиясындағы азаматтарымызға үндеу жариялады

12.10.2026, 21:03 35

Сауд Арабиясының азаматтық инфрақұрылымына жасалған шабуылдарға байланысты Қазақстан Сыртқы істер министрлігі аталған елде жүрген азаматтарымызды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды. 

Министрлік қажеттілік болмаса, әуежайларға бармауға және рейстердің жағдайын алдын ала тексеруге кеңес берді. Сондай-ақ азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтап, ресми ақпарат көздерін қадағалап, биліктің органдарының нұсқауларын орындау және Қазақстанның Сауд Арабиясындағы дипломатиялық өкілдіктерімен байланыста болу ұсынылады.
   
Төтенше жағдайға тап болған жағдайда Қазақстанның Риядтағы Елшілігіне немесе Жидда қаласындағы Бас консулдығына экранда көрсетілген жедел телефондарға хабарласу керек. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz