Францияның оңтүстігіндегі Обань қаласында 14 жастағы оқушы мектепке қару алып кіріп, оқ жаудырған, деп хабарлайды «24KZ».
Оқиға салдарынан 53 жастағы директор мен 37 жастағы мұғалім, сондай-ақ тағы бір адам жарақат алды.
Жасөспірім аңшы мылтығын гитара қапшығына жасырып әкелген. Оны мектеп қызметкері тоқтатып, полицияға тапсырған.
Оқ атқан оқушы дереу қамауға алынды. Марсель прокуратурасы адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша іс қозғап, тергеу амалдарын бастады. Оқиғадан кейін мектепті уақытша жабу туралы шешім қабылданды.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #оқушы #мектеп #оқ #полиция #Франция #24жаңалықтарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz