Әлемде жыл сайын орта есеппен 100 млн адам түрлі табиғи апаттан зардап шегеді, деп хабарлайды 24KZ.
Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегі бойынша, олардың әлемдік экономикаға түсіретін жылдық шығыны 2,3 трлн доллардан асады. Биыл басты назар тұрғын үйлердің қауіпсіздігіне аударылмақ. Су тасқыны, орман өрттері мен жер сілкінісі сияқты апаттар халықтың өміріне ғана емес, баспаналардың беріктігіне де қауіп төндіреді. Осыған байланысты БҰҰ елдерді құрылыс талаптарын күшейтіп, үйлердің төтенше жағдайларға беріктігін арттыруға шақырады. Қауіп-қатердің алдын алуда ерте ескерту жүйелерінің де маңызы зор. Кейінгі он жылда мұндай жүйелерді енгізген елдердің саны 55-тен 128-ге дейін өскен. Мамандар: «Бұл бағыттағы жұмысты жалғастырып, алдын алуға бөлінетін қаржыны арттыру қажет», – дейді.
Тегтер #24KZ #апат #Таңдаулы #табиғи апаттар #су тасқыны #орман өрті #жер сілікінісіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz