Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай бірнеше баллистикалық зымыран ұшырды, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл туралы елдің орталық ақпарат агенттігі хабарлады. Пхеньян кейінгі айда тактикалық қаруын төртінші рет сынақтан өткізді. Ел билігі қару-жарақ жүйелерін одан әрі жетілдіруді көздеп отыр. Бұған дейін Оңтүстік Корея да алғаш рет өзі жасаған гипердыбыстық зымыранын сынақтан өткізген еді. Ол дыбыс жылдамдығынан бес есе жылдам қозғалады, сондықтан әуе қорғанысы жүйелерінің оны анықтауы қиын. Корей түбегіндегі шиеленіс қыркүйекте шекара маңында болған жарылыстан кейін күшейген. Оқиға салдарынан екі елді бөліп тұрған аймақта Оңтүстік Кореяның үш әскери қызметкері жараланған. Бірлескен тергеу нәтижесіне сүйенген Сеул миналарды Солтүстік Корея орнатты деп айыптады. Ал Пхеньян бұл мәлімдемені жоққа шығарып, жауап шараларын қолданатынын ескертті.
Тегтер #24KZ #Солтүстік Корея #Жапония #сынақ #баллистикалық зымыранPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz