RU
Толық нұсқаға өту

Сингапурде ауа сапасы қауіпті межеге жетті

13.10.2026, 11:20 33

Сингапурде ауа сапасы нашарлап, ластану деңгейі ең қауіпті межеге жетті, деп хабарлайды 24KZ.

Оған Индонезиядағы орман өрттерінен тараған түтін себеп. IQAir халықаралық компаниясының мәліметінше, ауа сапасының индексі 194-тен жоғары көрсеткіште тұр. Осылайша, шаһар әлем бойынша ауа сапасы ең нашар Пәкістанның Лахор қаласынан кейін екінші орынға жайғасты. Айта кетейік, Индонезия биыл соңғы 11 жылда болмаған ең ауқымды алапат орман өрттерімен күресуде. Өрт ошақтарының басым бөлігі Суматра мен Борнео аралдарында тіркелген. Жергілікті билік орман өрті «Эль-Ниньо» құбылысының күшеюіне байланысты қараша айына дейін жалғасуы мүмкін деп ескертеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz