Қатар мен Біріккен Араб Әмірліктерінің әуе компаниялары Сауд Арабиясына қатынайтын бірқатар рейстерін уақытша тоқтатты.
Атап айтқанда, Қатар Эйруэйс ((Qatar Airways)) Рияд пен Даммамға, ал Этихад Эйруэйс ((Etihad Airways)) Абу-Дабидан корольдік астанасына қатынайтын бағыттарын доғарды. Бұған дейін шабуыл жасалған Король Халид атындағы халықаралық әуежай да 17 қазанға дейін жұмыс істемейді. Қазір мамандар аймақтағы қауіпсіздік жағдайын тексеріп, әуе қатынасын қайта жандандыру мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Тегтер #Араб елдері #Иран #Таяу Шығыс #БАӘ #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz