Азияның қор нарығында құлдырау байқалды.
Ең үлкен шығын Оңтүстік Кореяда тіркеліп, «KOSPI» индексі 7%-ға төмендеді. Жапониядағы жетекші компаниялардың әл-ауқатын көрсететін «Никкей 225» 2,5%-ға, ал Тайваннің Taiex индексі шамамен 2%-ға арзандады. Сарапшылар мұның негізгі себептерінің бірі АҚШ-тағы технологиялық компаниялар акцияларының жаппай сатылуы екенін айтады. Микрочип өндірушілердің табысы артқанымен инвесторлар жасанды интеллект инфрақұрылымына салынған қомақты қаражаттың қаншалықты тиімді болатынына күмән келтіреді. Қытай компаниялары арасындағы бәсекелестіктің күшеюі де нарыққа қысым түсіріп отыр.
Тегтер #азия қор нарығы #құлдырау #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz