«OpenAI» компаниясының қызметкері тыңшылықпен айналысқан. Мұны АҚШ-тың Әділет министрлігі растады.
Сауд Арабиясының 35 жастағы азаматы басшылық жиналатын кеңседегі теледидарға жасырын дыбыс жазу құрылғысын орнатқан. Тергеушілер күдікті құрылғыны байқатпай орнатып, оны қашықтан басқару жолын білу үшін арнайы чат-боттарға сұраныс жібергенін анықтады. Қылмыстың ізін суытпай ашуға жасанды жады көмектескен. АҚШ билігі бұл оқиғаны ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер деп бағалады. Күдіктінің айыбы дәлелденсе, ол 5 жылға сотталып, 250 мың доллар көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін.
Тегтер #тыңшы #OpenAI #Сауд Арабиясы #АҚШPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz