RU
Толық нұсқаға өту

Хуситтер Aramco кешеніне соққы жасады  

14.10.2026, 09:26 40

Хуситтер Сауд Арабиясының Дахран қаласындағы Saudi Aramco әкімшілік кешеніне баллистикалық зымыранмен соққы жасады. 

Энергетика министрлігінің мәліметіне қарағанда шабуылдан кеңсе мұнарасының жоғарғы үш қабаты зақымданып, өрт шыққан. Зардап шеккендер жоқ. Бұл ғимаратта компанияның құрлық және теңіздегі өндірістік нысандарының жұмысын үйлестіретін ірі операциялық орталық орналасқан. Осы уақытта әуе қорғанысы Рияд пен елдің оңтүстігіне қарата атылған тағы бірнеше зымыран мен дронды қағып түсірді. Олардың екеуінің сынықтары қала аумағына құлап, төрт адам жараланды, 15 үй бүлінген. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz