Qantas әуе компаниясының Римнен Пертке бағытталған рейсі ұшақ бортынан қандала табылған соң тоқтатылды. Бұған дейін осы ұшақпен ұшқан жолаушылар да жәндік шаққанына шағымданған, деп хабарлайды 24KZ BBC-ге сілтеме жасап.
9 қазанда Перттен Римге ұшқан рейстің жолаушылары қандала шаққанын айтқан. Оларға қышуды басу үшін аллергияға қарсы дәрі берілгенімен, дәрі қоры таусылған.
Осыдан кейін Boeing 787 Dreamliner ұшағы уақытша пайдаланудан шығарылып, мұқият тазалауға жіберілді. Соған байланысты Римнен Пертке бағытталған рейс тоқтатылды.
Рим – Перт бағыты бойынша рейстің тоқтатылғаны үшін жолаушылардан шын жүректен кешірім сұраймыз. Эконом-кластың бірнеше орнынан мәселе анықталған соң инженерлер мен техникалық мамандар ұшақты мұқият тазалады, – деді әуе компаниясының өкілі.
Рейсі тоқтатылған жолаушыларға баспана беріліп, бастапқы ұшу уақытынан кейінгі 48 сағат ішінде балама рейстерге билеттер қайта брондалған.
Айта кетейік, қандала – киімде, жиһазда және төсек-орында тіршілік ететін ұсақ паразит жәндік. Оның шағуы қышынуды тудыруы мүмкін. Әдетте денсаулыққа аса ауыр зиян келтірмегенімен, одан арылу оңай емес.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #қандала #Италия #АустралияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz