RU
Толық нұсқаға өту

Нанотираннус қаңқасы Нью-Йорктегі аукционға шығарылады

14.10.2026, 18:50 32

Былтырға дейін ғылым үшін белгісіз болып келген ежелгі динозаврдың қаңқасы Нью Йорктегі Sotheby's аукционына шығарылады. Бәссауда осы айдың аяғына белгіленген, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл – динозавр сирек кездесетін нанотираннус деген түрі. Биіктігі – 2 метр, ұзындығы – 6 метрге жуық. Жағында 35 тісі бар, жалпы өзі 191 сүйектен тұрады. Ғалымдар оған «Джоди» деген есім берген. Ерекше лоттың аукциондағы бағасы 6 миллион доллардан басталып, 9 млн долларға дейін жетуі мүмкін. Нақты сатылым сомасы бәссауда барысында анықталады. Әлемде осы тақылеттес 3 алып қаңқа бар. Олардың арасынан «Джоди» бірінші болып аукционға шығарылғалы отыр.

Кассандра Хаттон, Sotheby's Science & Natural History халықаралық бөлімінің жетекшісі:

– Менің артымда тұрған жануар – нанотираннус динозаврының сирек кездесетін қаңқасы. Ғалымдар арасында бұл жеке жануар ма, әлде тираннозаврдың баласы ма деген дау ондаған жылдар бойы жалғасып келді. Алғашқы бас сүйегі осыдан 84 жыл бұрын табылғанымен, тек былтырғы қазан айында ғана зерттеушілер нанотираннустың динозаврлардың дербес түрі екенін ресми түрде дәлелдеп шықты. Олардың тираннозаврлардан айырмашылығы өте үлкен. Сырттай ұқсағанымен нанотираннус пен кәдімгі тираннозаврдың арасында 150-ден астам морфологиялық айырмашылық бар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz