Әлемдік нарықта мұнай қымбаттады. Бұған Ормуздағы ахуалдың шиеленісуі себеп. Reuters агенттігініің дерегі бойынша бұғазда екі танкерге шабуыл жасалды, деп хабарлайды 24KZ.
Тегеран билігі кеме экипажы тасымал бойынша белгіленген талапты бұзғанын хабарлады. Енді Парсы елдерінен мұнай экспорты қайта тоқтауы мүмкін деген қауіп бар. Кейінгі саудада Brent маркалы мұнай шамамен 1 пайыз қымбаттап, әр баррелі 106,6 долларға сатылды. Ал америкалық WTI фьючерсінің құны барреліне 95 доллардан асты. Инвесторлар йемендік хуситтер мен Сауд Арабиясы арасындағы қақтығысқа да алаңдап отыр. Саудия бүгін бірнеше зымыранды қағып түсірді. Алайда ракета сынықтары Эр-Риядта 4 адамды жаралады.
Тегтер #24KZ #Ормуз бұғазы #Таяу Шығыс #АҚШ Иран #Иран #мұнай бағасыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz