АҚШ-та шағын ұшақ құлап, алты адам опат болды.
Оның бірі бұғанасы қатпаған бала. Оқиға Висконсин штатында болған. Piper PA-46 (Пайпер Пи-Эй қырық алты) ұшағы Mirror Lake (Мирэр Лейк) саябағы маңындағы орманды алқапқа құлаған. Апатқа күн райы себеп болды деген болжам бар. Өйткені сол мезгілде төңіректе найзағай жарқылдап, жаңбыр жауып тұрған. Мамандар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Тегтер #АҚШ #ұшақ апаты #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz