Ыстамбұлда нөсер селдетіп, арты тасқынға ұласты.
14 жастағы жасөспірім опат болды. Қалада 1277 су басу дерегі мен 15 жер көшкіні тіркелген. 800-ден астам үй мен 300-ге жуық ғимаратқа су кірген. Тасқын көліктерге дейін ағызып әкетіп, жол қозғалысын қиындатты. Кей аудандарда кептеліс деңгейі 90 пайызға дейін жеткен. Қазір адам өлімі бойынша тергеу басталды. Апат салдарын жоюға 8 мыңға жуық маман мен 2 мың арнайы техника жұмылдырылған. Қолайсыз күн райына байланысты бүгін қала мектептерінде сабақ тоқтады. Құтқару және қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Тегтер #Түркия #Ыстамбұл #24KZ #топан суPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz