RU
Толық нұсқаға өту
ЖИ

АҚШ соты DV-2027 грин-карт лотереясын қайта ашуды міндеттеді

15.10.2026, 11:06 42

АҚШ соты 14 қазанда АҚШ Мемлекеттік департаментін DV-2027 грин-карт лотереясын қайта жандандырып, өтінім қабалдауды дереу ашуға міндеттеді, деп хабарлайды «24KZ»

Бұл бағдарлама былтыр президент Дональд Трамп әкімшілігінің шешімімен тоқтатылған болатын. Ақ үй бұл қадамға ұлттық қауіпсіздікті күшейту мақсатында барғанын мәлімдеген. Осыдан кейін билік миграциялық жүйені қайта қарап, тіркеуді белгісіз мерзімге кейінге шегерген еді.

Алайда, «Red Eagle Law» заң фирмасы АҚШ сыртқы саяси ведомствосына қарсы сотқа шағым түсіріп, бұл кідіртуді заңсыз деп тапқызды. Калифорния штатының федералды соты талапты қанағаттандырып, DV-2027 лотереясының науқанын бастауды бұйырды. Тараптардың ортақ өтінішіне сәйкес, өтінімдерді қабылдау қарашаның 1-інен кешіктірілмей ресми түрде ашылуы тиіс, ал ұтыстың нәтижелері желтоқсанның 3-іне дейін жариялануы қажет. Бұл туралы «Red Eagle Law» хабарлады.

Бұл сот шешімі лотереяның толықтай қайта жандандырылғанын білдірмейді, өйткені Трамп әкімшілігі бұл қаулыға шағымдануы мүмкін. Дегенмен, апелляцияға берілуі сот қаулысын орындау міндетін жоққа шығармайды. Материалды әзірлеу барысында «Red Eagle Law» пен Рубио ісі бойынша апелляциялық шағым түсірілгені туралы ресми растама әлі жоқ.

Айта кетейік, 2023 жылы қазақстандықтар рекордтық мөлшерде грин-карт ұтып алған болатын. Diversity Visa бағдарламасы АҚШ-қа иммиграция деңгейі салыстырмалы түрде төмен елдердің азаматтарына жыл сайын 55 мыңға дейін иммиграциялық виза бөлуді қарастырады.

15 қазандағы жағдай бойынша лотереяның ресми сайтында DV-2027 тіркеуі әлі ашылған жоқ.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz