Эль-Ниньо құбылысы Орталық Америкада қуаңшылықты күшейтіп, ауыл шаруашылығын шығынға батырды.
Әсіресе Гватемала мен Гондураста жағдай қиын. Фермерлер малынан айырылып, егістік күйіп кеткен. Тек Гондурастың өзінде жауын-шашынның аздығынан 2 миллион гектардан астам алқап зиян шекті. Оның ішінде жүгері мен бұршақ егістігі бар. Ал Гватемаланың кей өңірлерінде екі айдан бері жаңбыр жаумаған. Мамандар жағдайды орманның кесілуі мен топырақ эрозиясы ушықтырып отырғанын айтады. Соның кесірінен жер ылғалды нашар ұстайды. Сарапшылар аграрлық дағдарыс келесі жылы да жалғасуы мүмкін деп болжап отыр.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz