АҚШ-тың Орегон штатында бастауыш мектепте оқ атылып, үш оқушы мен мұғалім көз жұмды. Тағы төрт адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды 24KZ.
16 жастағы жасөспірім мектеп ғимаратына кіріп, адамдарға оқ жаудырған. Оқиға кезінде күдіктінің өзі де белгісіз жағдайда жан тапсырды, деп хабарлайды жергілікті полиция қызметі. Тергеуге арнайы қызмет, АҚШ Федералдық тергеу бюросы тартылды. Шабуылдың себебі әзірге белгісіз.
Тегтер #24KZ #АҚШ #атыс #мектеп #қаза тапты #тергеуPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz