RU
Толық нұсқаға өту

No comment: Индонезияда орман өрттері басылар емес

16.10.2026, 11:20 44

Индонезияда өршіп тұрған орман өрттері жабайы жануарларды табиғи мекенінен бездіріп жатыр. Әсіресе Борнео мен Суматра аралдарындағы жағдай қиын, деп хабарлайды 24KZ.

Қызыл жалын онсыз да жойылып кету қаупі бар орангутан түрлеріне қатер төндіріп тұр. Биыл елде 800 мың гектардан астам жер өртеніп кеткен. Батыс Калимантандағы оңалту орталығы тамыздан бері 49 орангутанды құтқарған. Олардың кейбірі түтінге уланып, денесін күйік шалған күйде табылған. Мамандардың айтуынша, жануарлардың жағдайы жақсарған күннің өзінде оларды табиғи ортасына қайтару әзірге қауіпті. Себебі жалын шарпыған аумақтарда қауіп әлі сейілмей тұр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz