Ташкентте қазақтың ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбайұлының бюсті ашылды.
Республика күні қарсаңында өткен салтанатты шара Бектемір ауданындағы «Абай» махалласында өтті. Жиынға дипломаттар, қоғам қайраткерлері, қала әкімдігінің және қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. Қазақстан мен Өзбекстан - сенімді стратегиялық одақтастар. Көршілес қос ел арасындағы байланыс экономика және саудамен ғана шектелмейді. Білім, ғылым, мәдениет салаларындағы серіктестік те белсенді дамып келеді. Жиынға қатысушылардың айтуынша, ұлы ойшылға арналған бюсттің ашылуы бауырлас мемлекеттердің достық қарым-қатынасын айқындап, өзара тығыз мәдени байланысты одан әрі нығайтады.
Тегтер #Ташкент #Абай Құнанбайұлы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz