Бүгін мұнай бағасы құбылып тұр.
Рейтер агенттігінің дерегі бойынша Брент маркалы мұнайдың бағасы шамамен 0,2 пайыз қымбаттап, бір баррелі 106,1 долларға сатылды. Ал американдық WTI фьючерсі керсінше 50 центке, яғни 0,22 пайызға түсіп, бір баррелі 97,75 долларға саудаланды. Бірлі-жарым кеме болмаса, Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалының әзірге қалпына келер түрі көрінбейді. Кейінгі 10 күнде Ормуздағы ахуал шиеленісіп тұр. Иран билігі талабына бағынбаған танкерлерді жүргізбей жатыр. Kpler компаниясының дерегі бойынша, 13 қазанға дейін Ормуз бұғазы арқылы тәулігіне 11,62 млн баррель мұнай жөнелтілді. Бұл соғысқа дейінгі көрсеткіштің 68 пайызына тең. Дей тұрғанмен, Халықаралық энергетика агенттігі жаһандық қордан 20 млн баррель қара алтын шығарады. Бұл нарықтағы жаһандық сұраныс пен ұсыныс арасындағы айырмашылықты азайтуы тиіс, дейді сарапшылар.
ӘЛЕМДІК НАРЫҚТАҒЫ МҰНАЙ БАҒАСЫ
Brent
бір баррелі
$106,1
алдыңғы бағамен салыстырғанда +0,21
WTI (West Texas Intermediate)
бір баррелі
$97,75
алдыңғы бағамен салыстырғанда -0,22%
Дереккөз: tradingeconomics.com, oilprice.com
Тегтер #мұнай бағасы #Brent #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz