Хуситтер Йемендегі Аден халықаралық әуежайына тағы да соққы жасады, деп хабарлайды 24KZ.
Елдің Ақпарат министрлігі ұшақ пен ұшып-қону жолағының маңына баллистикалық зымыран түскенін хабарлады. Жолаушылар мен экипаж мүшелері зардап шекпеген. Сонымен қатар Сауд Арабиясы басқаратын араб елдерінің коалициясы Қызыл теңіз жағасындағы Янбу қаласына қарай атылған зымырандар мен дрондарды қағып түсіргенін мәлімдеді. Бұл шабуылды кім жасағаны әзірге белгісіз. Янбу – Сауд Арабиясының батысында, Қызыл теңіз жағасында орналасқан, Ормуз бұғазын айналып өтіп, халықаралық нарыққа мұнай экспорттайтын аса маңызды хаб. Айта кетейік, кеме қатынасына қауіп күшейіп, энергия ресурстарын тасымалдауда кедергі туындағаннан кейін «Brent» маркалы «қара алтынның» баррелі мамырдан бері 110 долларға дейін қымбаттады.
Тегтер #24KZ #Йемен #хуситтер #соққы #шабуыл #Таяу ШығысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz