RU
Толық нұсқаға өту

«Эль-Ниньо» Калифорния жағалауындағы теңіз әлемін түбегейлі өзгертті

17.10.2026, 14:10 31

Жаһанды жайлаған ерекше климат құбылысы – «Эль-Ниньо» АҚШ-тың Калифорния штаты маңындағы теңіз әлемін түбегейлі өзгертті, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл жаққа жылы сумен бірге тропикалық аймаққа тән тіршілік иелері жаппай қоныс аудара бастаған. Қазір сирек кездесетін акула, манта мен басқа құнды тұқымдарды көруге болады. Балықшылар бұл өзгерісті «Іздегенге сұраған» деп қуана қабылдап жатыр. Олар былтырлары сарықанат тунецтің екі-ақ данасын аулайтын, ал биыл бұл көрсеткіш бірден 5 мыңға жетті. Сонымен қатар ғалымдар зәйтүн түсті теңіз тасбақаларының ұя салғанын анықтаған. Бірақ «Эль-Ниньо»-ның теріс салдары да басым. Мұхиттың шамадан тыс жылынуы мен дауылдар жағаны мүжіп, әсіресе балдырларды жойып жатыр. Штат билігі дауылдың күшеюіне байланысты төтенше жағдай режимін жариялап үлгерді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz