RU
Толық нұсқаға өту

Пәкістанда мектеп шатыры опырылды: 34 оқушы қаза тапты

17.10.2026, 17:04 56

Естеріңізге сала кетейік, Пәкістанның Пешавар қаласындағы мектеп шатыры опырылып, 34 оқушы мен бір мұғалім қаза тапты. 

Апаттан кейін аймақтағы барлық мектеп қатаң тексеріліп жатыр. Білім беру департаментіне оқу орындарының жай-күйі туралы есеп беру үшін 3 күн берілді. Опат болған балалардың жақындары мен жергілікті тұрғындар әділдік талап етіп, наразылыққа шықты. Олар мектеп әкімшілігінің шатырдан су ағып тұрғаны туралы ескертуді бірнеше мәрте елеусіз қалдырғанын айтып, кінәлілерді қатаң түрде жазалауды талап етті. Бұған дейін жекеменшік мектептің қожайыны мен директоры қамауға алынды. Дәрігерлер 3 баланың халін ауыр деп бағалады. Жалпы 50-ден астам тұрғын жараланды. Алдын ала мәліметке сай сапасыз салынған ғимарат шатыры апатқа себеп болуы мүмкін. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz