RU
Толық нұсқаға өту

Кенияда Эбола безгегімен ауырғандар саны жеті адамға жетті

18.10.2026, 12:35 41

Кенияда Эбола вирусын тағы төрт адам жұқтырды, деп хабарлайды 24KZ.

Елде індетке шалдыққандардың жалпы саны жетіге жетті. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жаңа науқастардың үшеуі алғашқы жұқтырған адамға медициналық көмек көрсеткен қызметкерлер. Тағы бірі марқұмның туысы. Төртеуі де ауру белгілері пайда болғанға дейін карантиндік бақылауда болған. Айта кетейік, алғашқы науқас елге Конго Демократиялық Республикасынан келген еді. Қазір онымен байланыста болған 130 адамның 128-і табылып, оқшауланды. Қалған екеуі іздестіріліп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz