Ормуз бұғазы маңында бір аптада кемінде 12 сауда кемесіне шабуыл жасалды. Бұл туралы Ұлыбританияның Теңіз және сауда операциялары басқармасы хабарлады.
Соққы салдарынан бір контейнер тасымалдаушы кеме суға батып, тағы екеуі қозғалысқа жарамсыз күйге түскен. Қалғандарының жағдайы әзірге белгісіз. Бұған дейін Ислам революциясы сақшыларының корпусы тәртіп бұзған тағы екі мұнай танкерінің минаға соғылып, жарылғаны жайлы мәлімдеген еді. Мамандардың айтуынша, қазір бұғаздағы кеме қатынасы қақтығысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда 70 пайызға қысқарған.
Тегтер #Ормуз бұғазы #кеме #шабуылPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz