RU
Толық нұсқаға өту

Үндістанда екі діни мереке кезінде 32 адам опат болды

19.10.2026, 08:10 29

Калькутта қаласында адамдар бірін-бірі таптап кеткен. Өйткені аяқасты жауын жауып, жүздеген жан пана іздеп, мерекелік павильонға тұра ұмтылған, деп хабарлайды 24KZ.

Осы кезде «павильон құлап кетуі мүмкін» деген хабарлама тарап, жұрт кері қашады. Сол кезде кіреберісте сығылысып қалған. Іс-шараны ұйымдастырғандар мен жеке күзет фирмасының қызметкерлері қамауға алынды. Тағы бір оқиға Гвалиор қаласында ғибадатхана жанына жиналған діндарларды жоғары жылдамдықпен келген жүк көлігі қағып өтті. Алдын ала мәлімет бойынша апатқа техниканың істен шығуы немесе жүргізушінің рөлді басқара алмай қалуы себеп. Билік құрбандар қатары артуы мүмкін дейді. Өйткені 2 оқиғада 65-тен астам адам жараланған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz