Иран парламенті елдің жаңа қорғаныс министрі қызметіне Мехрдад Ахлагиді бекітті, деп хабарлайды 24KZ.
Ол ақпандағы АҚШ пен Израиль соққыларынан қаза тапқан бұрынғы министр Азиз Насирзаденің орнына келді. Ахлаги Ислам Респубикасының қорғаныс саласында 40 жылдан астам еңбек еткен. Бұған дейін Аэроғарыш өнеркәсібі ұйымын басқарған. Парламент алдында сөйлеген алғашқы сөзінде ол елдің қорғаныс өнеркәсібін дамытуға басымдық беретінін атап өтті. Сондай-ақ елге сырттан қайта шабуыл жасалған жағдайда Тегеран ауқымды жауап қайтаруға дайын екенін мәлімдеді.
Тегтер #24KZ #Иран #Қорғаныс министрі #парламент #тағайындау #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz