Канаданың Альберта провинциясындағы Уэйнрайт әскери базасындағы өрттен 7 адам емес, 4 сарбаз опат болды, деп хабарлайды 24KZ.
Елдің Қорғаныс министрлігі осының алдында ақпарат құралдары таратқан мәліметті жоққа шығарған. Тағы 39 адам жараланды. Дәрігерлер олардың 19-ы ауыр хәлде екенін хабарлады. Алдын ала ақпарат бойынша база аумағындағы құрғақ шөп отқа оранып, күшті жел өртті лезде таратып жіберген. Бұл кезде базада 85 сарбаз болған. Олар Латвиядағы халықаралық әскери операцияға қатысуға дайындық жасап жатқан. Зардап шеккендерді ауруханаға шұғыл жеткізу үшін 22 жедел жәрдем көлігі мен 8 тікұшақ тартылды. Премьер-министр Марк Карни бұл Канаданың қарулы күштері тарихындағы ең қайғылы оқиғаның бірі деп мәлімдеді. Тергеу жүріп жатыр
Тегтер #24KZ #Канада #сарбаз #қаза тапқандар #оқу жаттығу #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz