Тель-Авивтен Венаға бара жатқан ұшақ аяқ астынан Софияға қонды, деп хабарлайды 24KZ.
Austrian Airlines әуе компаниясына тиесілі жолаушылар лайнерінде бомба бар деген ақпарат түскен. Бұл туралы Австрия азаматы хабарлаған. Бірақ ол адамның өзі ұшақта отырмаған. Өзге жерден хабарласқан. Ұшақта 6 экипаж мүшесі мен 51 жолаушы болған. Израиль ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, жолаушылар арасында Біріккен Ұлттар Ұйымында сөз сөйлеуге тиіс жастар делегациясы бара жатқан. Софияға қонғаннан кейін арнаулы қызмет өкілдері мен саперлар лайнерді тінтіп, тексеріп шықты. Бірақ ешқандай жарылғыш табылған жоқ. Австрия мен Болгарияның құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр.
Тегтер #24KZ #Израиль #Тель Авив #Вена #ұшақPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz