Франция Ішкі Істер министрі Президенттен оставкаға жіберуін сұрады.
Лоран Нуньес елдегі тәртіпсіздіктерге өзін кінәлі санайды. Алайда Эмманюэль Макрон министрдің қызметтен кету туралы өтінішін қабылдамай тастады. Елисей сарайының басшысы дағдарыс кезінде министрді ауыстыру құқық қорғау саласының әлсіреуіне әкелетінін айтады. Франция Ішкі істер министрінің айтуынша, бұзақылардың саны тәртіп сақшыларынан 2 жарым есе көп. Құқық қорғау органдарының 1 мыңға жуық қызметкері жараланды. Бүкіл ел бойынша 2 мыңнан аса адам қамауға алынды.
Тегтер #Франция #ішкі істер министрі #отставка #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz