RU
Толық нұсқаға өту

Бағалы металдар қымбаттады

20.10.2026, 00:25 37

Бағалы металдар бағасы көтерілді.

Алтынның троя унциясы 4 мың 168 долларға саудаланды. Күмістің құны шамамен 1 пайызға өсті. Әр унциясы 57 долларға сатылды. Ал платина троя унциясы 1 мың 649 доллар. Бүкіләлемдік алтын кеңесінің дерегі бойынша Орталық банктер өткен айда алтынның 63 тоннасын сатып алды. Бұл 2024 жылдан бері ең жоғары көрсеткіш. Биыл қаңтарда бағалы металдың құны 5 жарым мың долларға дейін қымбаттаған еді. Сарапшылар алтынның бағасы сол рекордты алдағы екі жылда қайта орнатуы мүмкін деп топшылайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz