Мексиканың Веракрус пен Оахака штаттарында күн суытты. Желдің екпіні сағатына 80 шақырымға жетеді.
Оның үстіне толассыз жаңбыр жауып, өзендер арнасынан асып, су тасқыны жүрген. Жағалауларда толқынның биіктігі 6 метрге дейін көтеріліп, жолдарды су басты. Жұт жеті ағайынды дегендей осындағы Лас-Чоапас қаласында электр қуаты өшіп қалғандықтан үйді жылыту үшін қосылған генератордың түтініне уланып, 6 адам көз жұмды. Вилла Алленде қаласында 4 тұрғын лай көшкіні кезінде құлаған үйіндінің астында қалып, мерт болған. Аймақтағы 29 ауданда мектептер уақытша жабылды. Метеорологтар жақын арада жауын тағы жауады деп ескертеді.
Тегтер #Мексика #көз жұмғандар #желPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz