Иран Ормуз бұғазындағы суасты интернет кабельдеріне соққы жасауы мүмкін. Ислам төңкерісі сақшылар корпусының ресми өкілі Хосейн Мохеб осылай деп ескерту жасады.
Оның айтуынша, Тегеранға қарсы шиеленіс қайта күшейген жағдайда бұғаз арқылы өтіп жатқан жеті желі шабуыл нысанына айналады. Осы суасты алып сымдары Таяу Шығыс пен Африка арқылы Азия мен Еуропа арасын интернетпен қамтамасыз етеді. Олар зақымданып, қиылған жағдайда халықаралық дерек алмасу жүйесінде іркілістер туындауы мүмкін. Ал, әлемдік интернет трафиктің 30%-ы Қызыл теңіз бен Ормуз бұғазы арқылы өтетін су асты кабельдеріне тәуелді.
Тегтер #Иран #Ормуз бұғазы #ескртуPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz