RU
Толық нұсқаға өту

Оңтүстік Суданда дрон соққысынан 153 адам көз жұмды

21.10.2026, 08:22 43

Судан мен Оңтүстік Судан арасындағы даулы мұнайлы аймақ саналатын Абьей өңіріндегі ірі "Амиет" базарына дрондармен жаппай соққы жасалды.

"Рейтер" агенттігінің хабарлауынша, 153 адам қаза тапқан. Денесін ауыр күйік шалған 20-дан астам тұрғын ауруханаға жеткізілді. Куәгерлер қаскөйлер негізі жанармай қоймалары мен танкерлерді нысанаға алғанын айтады. Шабуыл соңы өртке ұласып, көліктер мен ғимараттар жанып кеткен. Тағы 8 мыңға жуық адам үйін тастап, қашуға мәжбүр болды. Оңтүстік Суданның Сыртқы істер министрлігі бұл соққыны Судан үкіметінің әскері жасады деп айыптады. Олар көрші елдің елшісін шақырып, ресми наразылық білдірген. Судан шабуыл ұйымдастырғанын мойындап отыр. Бірақ соққылар бейбіт халыққа емес, жанармай тасымалдаушы көліктерге қарсы жасалғанын және қаза тапқандарды бүлікшілер мен жанармай контрабандасымен айналысушылар деп мәлімдеді. Шабуылды Біріккен Ұлттар Ұйымы қатаң айыптады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz