RU
Толық нұсқаға өту
Фото: бейнежазбадан алынған скриншот

Рухи Эрсой: Түркі мемлекеттері Шығыс пен Батысты жалғайтын негізгі күшке айналады

21.10.2026, 10:42 50

Жаһандық саяси жүйенің көпполюсті құрылымға көшуі Түркі әлемі үшін жаңа тарихи мүмкіндіктерге жол ашуда. Бул туралы «24KZ» телеарнасының «Alem Talk» бағдарламасына берген сұхбатында Түркияның Ұлтшыл қозғалыс партиясы төрағасының бас кеңесшісі, профессор Рухи Эрсой мәлімдеді .

Түркиялық саясаткердің пайымдауынша, қазіргі уақытта халықаралық қатынастардағы ескі парадигмалар өзгеріп, Батыс ішкі мәселелерімен бетпе-бет келсе, Шығыстың рөлі артып келеді. Осы ретте Азия мен Анадолы арасындағы алтын көпір — Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) халықаралық салмағы күшейе түспек.

Тарихи мүмкіндік пен әлемдік саяси жүйедегі өзгерістер түркі мемлекеттеріне өзара ықпалдастықты тереңдетіп, халықаралық қатынас жүйесінде лайықты орын алуға жол ашып отыр. Ендігі міндет — қол жеткізілген нәтижелерді жаңа сатыға шығару. Түркі мемлекеттері Азия мен Анадолы арасындағы тарихи, саяси және экономикалық байланысты нығайтып, Шығыс пен Батысты жалғайтын маңызды күшке айнала алады, – деді Рухи Эрсой.

Бұл ретте Қазақстан мен Түркия арасындағы «Орта дәліз» бағытының маңызы ерекше. Соңғы 4 жылда бұл бағыттағы жүк тасымалының көлемі 8 есе өсіп, 5 миллион тоннаға жеткен. Ал 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 10 миллион тоннаға жеткізу көзделіп отыр.

Профессор Рухи Эрсой Түркі мемлекеттерінің 2040 жылға дейінгі стратегиялық пайымы аясында бұл ықпалдастық болашақ ұрпақ үшін зор экономикалық және геосаяси мүмкіндіктерге негіз болатынын атап өтті.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz