RU
Толық нұсқаға өту

Лондон Саудияға атқыш ұшақтар жібереді

21.10.2026, 14:49 43

Ұлыбритания Сауд Арабиясына йемендік хуситтердің шабуылына қарсы тұру үшін төртінші буынның "Еврофайтер Тайфун" атқыш ұшақтарын жібереді.

Бұл туралы Біріккен Корольдіктың Қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Олардың айтуынша, әуе кемелері қалалар мен аса маңызды инфрақұрылымды зымарандар және дрондардың соққысынан қорғамақ. Сонымен қатар Британия "Эйрбас A400M" жүк ұшағы мен бірнеше әскери кеңесшісін де аттандырады. Естеріңізге сала кетейік, хуситтер 10 қазанда Эр-Риядтағы Халид патша атындағы халықаралық әуежайды атқылап, 13 адам қаза тапқан болатын. Тағы 300-ден астам кісі жараланған. Осыдан кейін хуситтер Сауд Арабиясының әуе кеңістігін майдан алаңы деп жариялады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz