Ядролық материалдар Ислам Республикасында қалады және елдің өз қажеті үшін пайдаланылады.
Бұл туралы Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғарғы кеңесінің хатшысы Мохсен Резаи Пәкістанның Бас штаб басшысымен кездесуде мәлімдеді. Исламабад парсы елі мен АҚШ арасында араағайындық іспен айналысып жүрген еді. Сонымен қатар Резаи Тегеран Вашингтонмен келіссөз жүргізуге ниетті емес екенін жеткізді. Бұған дейін Штаттар Ислам Республикасынан байытылған уран қорынан толық бас тартуды талап еткен болатын.
Тегтер #Иран #Таяу Шығыс #уран #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz