Жасанды интеллект саласындағы ірі америкалық компания "Антропик" бірінші жарты жылдықта 80 миллиард 700 миллион доллар шығынға батты.
Бұл туралы олардың қаржылық есебіне сілтеме жасап, "Уолл Стрит Джорнал" хабарлаған. Сарапшылардың мәліметінше, 72 миллиард доллар бухгалтерия шығыны. Бұған қаржы құралдары бағасының өзгеруі себеп. Сонымен қатар құжатта компания алдағы жылдары есептеу қуаттылығына 750 миллиард доллар жұмсауды жоспарлап отырғаны көрсетілген. Екінші жағынан, "Антропик"-тің аталған кезеңдегі табысы 16 миллиард долларға өсті. "Ай Пи О"-ға тиісті ресми құжаттар тақауда тапсырылады.
Тегтер #Anthropic #шығын #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz