АҚШ 3 қарашада Конгресс сайлауы өткен соң Израильмен бірлесіп, Иранға қарсы жаңа шабуыл жасауды көздеп отыр, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл туралы The New York Times өз дереккөзіне сүйене отырып хабарлады. Басылымның мәліметінше, соққылар Ислам республикасының ядролық нысандарына, энергетика инфрақұрылымы мен зымырандар және дрондар қоймаларына жасалуы мүмкін. Бірақ АҚШ Иранның мұнай өңдеу зауыттарына тиіспейді. Өйткені Дональд Трамп жанармай бағасының қымбаттауынан қауіптенеді. Ал парсы елінің Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Тегеран өзін-өзі қорғауға толық дайын деп мәлімдеді. Ол АҚШ Израиль премьер-министрінің тұзағына түсті, Нетаньяху Америка немесе Израиль халқының мүддесі үшін емес, тек өзінің жеке саяси мақсаттарына жету үшін әрекет ететінін айтты.
Тегтер #24KZ #АҚШ #Израиль #Иран #АҚШ Иран #Таяу Шығыс #қақтығысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz