Тайвань билігі «Чампи» тайфунының жақындауына байланысты 125 әуе рейсін тоқтатты.
Табиғи апаттың әсері аралдың солтүстік-шығыс жағалауы мен Жапонияның іргелес аумақтарында сезіліп, теңізде биік толқындар көтерілген. Аймақтағы желдің екпіні сағатына 230 шақырымға жуықтайды. Қатты жел мен нөсер жауын-шашын жағалаудағы аудандарға қауіп төндіріп қана қоймай, көлік қатынасына да кедергі келтіруі мүмкін. Болжам бойынша алдағы күндері тайфун Шығыс Азияда желдің күшеюіне, нөсер жауын-шашын мен найзағайға себеп болуы мүмкін.
Тегтер #Тайвань #тайфун #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz