Әлемдік нарықта бағалы металдардың бағасы күрт төмендеді.
Сауда деректеріне сәйкес, алтынның бір троя унциясы 1,5 пайызға арзандап, 4 мың 80 доллар болды. Күмістің бағасы 3,5 пайызға жуық төмендеп, 56 доллар шамасында саудаланып жатыр. Ал платинаның бір унциясы 1590 долларға дейін түсіп, құны шамамен 3 пайызға азайды. Мұнай мен газдың қымбаттауы нарықтағы қысымды күшейтті. Инвесторлар АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесі инфляцияны тежеу үшін пайыздық мөлшерлемені көтеруі мүмкін деп алаңдап отыр.
АЛТЫН
троя унциясы $4 080
алдыңғы бағамен салыстырғанда -1,4%
КҮМІС
троя унциясы $55,8
алдыңғы бағамен салыстырғанда -3,62%
ПЛАТИНА
троя унциясы $1 590
алдыңғы бағамен салыстырғанда -2,7%
Дереккөз: tradingeconomics.com
Тегтер #әлемде #бағалы металл #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz