Сауд Арабиясының Даммама халықаралық әуежайына екінші рет шабуыл жасалды.
Бұл ел астанасы Эр-Риядтан 400 шақырымда орналасқан қала. Патшалықтың Азаматтық авиация басқармасы жариялаған мәлімет бойынша, 1 адам қаза тауып, тағы 8-і жараланды. Кейінгі кездері Сауд Арабиясының инфрақұрылым нысандарына жүйелі түрде соққы жасалып жатыр. Бұл ресми Эр-Рияд басқаратын халықаралық әскери коалициясы хуситтерге қарсы соғыс ашқалы тіпті үдей түсті.
Тегтер #Сауд Арабиясы #әуе шабуылы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz