Қытайда жер сілкінді. Зілзаланың қуаты 7 балл. Қазірдің өзінде 16 адамның опат болғаны жарияланды. Тағы 65-і жараланған.
Алдын ала мәліметке сәйкес 300-ден астам тұрғын үй қирады. Зілзала Тибет автономия ауданындағы Нагчу қаласына қарасты Бацин уезінде шамамен 10 шақырым тереңдікте тіркелген. Аталған қалада жарты миллионға жуық адам тұрады. Бұл – Қытайда жыл басынан бергі ең қуатты жер сілкінісі. Елдің Сейсмологиялық басқармасы төтенше жағдай режимін енгізді. Табиғи апат аймағына 347 құтқарушы, 300-ден астам полиция, 82 өрт сөндіру техникасы және 15 іздестіру-құтқару иті жіберілген.
Тегтер #Қытай #жер сілкінісі #қаза тапқандар
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz