RU
Толық нұсқаға өту

Еуропарламент хуситтерді террористік ұйымдар тізіміне енгізуге шақырды

23.10.2026, 18:00 28

Еуропарламент Еуроодақ кеңесін йемендік хуситтерді террористік ұйымдар тізіміне енгізуге шақырды, деп хабарлайды 24KZ.

Парламент мүшелері Сауд Арабиясы, Израиль және Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағына жасалған әуе соққыларын қатаң айыптайды. Сол себепті қарулы топтың активтерін бұғаттап, қозғалысты қаржыландыруды тоқтатуға бағытталған шаралар қабылдауды ұсынады. Сондай-ақ депутаттар хуситтерден Қызыл теңіз бен Баб-эль-Мандеб бұғазында сауда кемелеріне шабуылдауды дереу доғаруды талап етті. «Теңіз жолдарының жабылуы энергетикалық нарыққа қысымды күшейтіп, Еуропада отын бағасының өсуіне әкеліп отыр», – дейді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz