Оңтүстік Кореяда ең ауқымды мәдени фестиваль өтіп жатыр, деп хабарлайды 24KZ.
22 елден келген 100 мыңға жуық адам өздерінің салт-дәстүрін, әні мен биін паш етуде. Қазақстан намысын Сеул мен Пусаннан барған қазақ диаспорасының белсенділері қорғауда.
Владислав Цой, тілші:
- Оңтүстік Кореядағы ең ірі мәдени фестивальдің жоспарына «Чампи» тайфуны кедергі келтірді. Кейбір шараларды тоқтатуға тура келді, дегенмен, мәдениеттер шеруі тоқтатылмады. Өздеріңіз көріп тұрғандай, қатысушылардың қолдарында қолшатыр, сол себептен шеру бұрынғы сән-салтанатын сәл жоғалтқандай.
Әр елге бірнеше павильон берілген. Біздің бұрышта жергіліктіж тұрғындар ұлттық киімдерді киіп көріп, естелік кәдесыйлар алды. Қонақтарды қазақ асханасымен диаспора белсендісі Сауле Косакаева таныстырды: ол тілек білдіргендердің барлығына ұлттық тағамдарды тегін ұсынды. Бұдан бөлек чханвондықтарға нағыз киіз үй көрсетілді, оның ішінде отандасымыз Владимир Хан қазақ әндерін шырқады.
Сәуле Қосақаева, қазақ диаспорасының өкілі:
- Бүгін барша қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтаймын. Біздің бұл Корея төрінде бүкіл қазақ диаспорасы жиналып, қазақтың әнін шығарып, қазақтың ұлттық киімін киіп, қазақтың асын дайындап, сөйтіп, бас қосып жатқан жеріміз бар. Енді фестивальға қатысып жатқан "Шырайлы Шымкент" кафесі, сосын Сеулдегі мынау "Қазақ үйі" - "Номад" қазақ диаспорасы. Содан кейін Мүслим аға Қазақстаннан әдемі қолдап келіп отыр. Мүслим аға өзінің ұлттық киімдерінің, дизайнерлік киімдерінің бәрін алып келді.
Мигранттардың жыл сайынғы «Ариран» көп мәдениетті фестивалі осымен жиырма бірінші рет өткізіліп отыр. Биыл бұл шараға Қазақстан өкілдері алғаш рет қатысуда. Форумның басты идеясы - әртүрлі мәдениеттер жарасымды өмір сүретін бейбіт әлем құру.
Ким Сон Гю, Сеул тұрғыны:
- Мен бұл фестивальге Сеулден келдім, онда қазақ тілі курсына барып жүрмін. Мақсатым - Қазақстанның мәдениетімен жақынырақ танысу. 2008 жылы маған Астанада жұмыс істеудің сәті түсті, содан бері елдеріңізді шын жүректен жақсы көріп кеттім.
Владислав Цой, тілші:
- Чханвонда 30 мыңға жуық шетелдік тұрады - бұл шаһар халқының шамамен үш пайызы. Бұдан бөлек мұнда алты мыңға жуық көп мәдениетті отбасы тіркелген. Демографтардың болжауынша, Оңтүстік Кореядағы туу деңгейінің төмендігіне байланысты бүкіл ел бойынша мигрант саны жыл сайын арта бермек. Сондықтан мұндай мәдени фестивальдер жергілікті тұрғындарға өзге мемлекеттерден келген азаматтардың мәдени ерекшеліктерін тереңірек түсінуге көмектеседі.
Авторлары Владислав Цой, Ольга Лян
Тегтер #корея #фестиваль #қазақ мәдениеті #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz