RU
Толық нұсқаға өту

Сербияда билік партиясы жеңіліс тапты

26.10.2026, 12:35 37

Сербияның бұрынғы президенті Александр Вучич парламент сайлауында өз партиясының жеңілгенін мойындады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес «Студенттер тізімі» деп аталатын оппозициялық саяси коалиция жеңіске жетті, деп хабарлайды 24KZ.

Олар енді парламенттегі кемінде 135 орынға ие болады. Ал биліктің Сербия прогрессивті партиясы 105 депутаттық мандат алады. Орталық сайлау комиссиясының деректеріне қарағанда, сайлаушылардың дауыс беруге қатысу көрсеткіші 70 пайызға жуықтаған. Айта кету керек, Александр Вучич 27 қыркүйекте президент қызметінен кететінін жариялаған болатын. Ол кезектен тыс парламент сайлауына қатысу үшін осындай шешім қабылдаған. Егер партиясы жеңіске жеткенде, ол Сербияның премьер-министрі атануы ықтимал еді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz