Еуропада табиғи газдың бір мегаватт-сағаты 97 еуроға дейін шарықтады, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл – 2022 жылдың желтоқсанынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Бағаның өсуіне газ қорының аздығы мен Таяу Шығыстағы шиеленіс себеп. Кейінгі мәліметке сәйкес кәрі құрлық бойынша жерасты газ қоймалары 74,5 пайыз ғана толған. Бұл маусымдық орташа көрсеткіштен 15 пайызға төмен. Сарапшылар: «Енді Еуропа мен Азия елдері арасындағы газ жеткізілімі үшін бәсекенің күшеюі бағаның одан әрі өсуіне әкелуі мүмкін», – дейді.
Тегтер #24KZ #Еуропа #газ бағасы #қымбатшылық #Азия елдері #Таяу ШығысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz