RU
Толық нұсқаға өту

Әлемде оққағарлар жұмыссыз қалуы мүмкін

27.10.2026, 07:48 47

Ал оққағарлар жұмыссыз қалуы әбден ықтимал, деп хабарлайды 24KZ.

Тіпті енді бірер жылда әркім бір-бір күзетші робот ертіп жүрсе таңқалмаңыз. Қытай оққағар робот жасап шығарды. Адам тәрізді құлтемір кез келген жағдайды бағамдап, шешімді өзі қабылдайды. Қарудан қорықпайды. Қазіргі роботтың бойы 170 сантиметр, өте шапшаң. Төрт метр биіктен секіріп, адам тұрмақ автокөлікті көтере алады. Инженер-құрастырушылар жасанды интеллектіні қолдану арқылы роботты күнделікті жұмсайтын көмекшіге айналдырған. Жаңа робот көпшілікке Ханчжоу қаласында таныстырылды.

Ван Синсин, UNITREE компаниясының директоры:

- Адамдарға тапсырманы сапалы орындап, күнделікті өмірде нақты пайдасын тигізетін роботтар қажет. Біз қазір осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Жоба толық аяқталғанда сұраныс бірден артады. Жасанды интеллект тек қана чат-бот немесе мультимодальды модель ғана емес. Оның мүмкіндіктері әлдеқайда жоғары.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz