RU
Толық нұсқаға өту

Йеменде жаңа туған нәрестелердің өміріне қауіп төнді

27.10.2026, 08:51 38

Қылышын сүйретіп, қыс таяп қалғанда жөргегі кеппеген сәбилерге қауіп күшейді.

Йеменде жанармай тапшы. Бұл әсіресе күн суытқалы тіптен сезіле бастады. Таиз қаласындағы перзентханада жаңа туған нәрестелерді жылы жағдайда ұстау мүмкін болмай тұр. Дәрігерлер жанармайды үнемдеу үшін шақалақтарға арналған 40 инкубатордың санын 10-ға дейін қысқартуға мәжбүр. Сауд Арабиясы қолдайтын үкімет пен Иранның одақтасы хуситтер қозғалысы арасындағы қақтығыстар қатты ушығып, 3 қазаннан бері Таиз қаласы сыртқы әлемнен оқшауланып қалған. Мұнда гуманитарлық көмек жетпейді, тұрғындар да өзге аймаққа шыға алмайды. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz